Қуанышқа орай, бүгін «DOMILLION» сауда орталығы Бостандық ауданындағы мүмкіндіктері шектелген балаларға үлкен той жасап берді. Айтып кететін жағдай, ол балалар үйлерінен сирек шығады. Демеушілердің арқасында, балалар ойын жиынтығымен тегін ойнауға мүмкіндік алды. Мүгедек балалар аттракциондарда, төбешектерден сырғанап әбден ойнады, пластмас шарлар толтырып салынған «су» қоймасында «шомылып» бақты. Ойнап болғаннан кейін, біздің қорымыздың қызметшілері балалар мен олардың ата - аналарын дәмді тағамдармен тамақтандырып алды. Әншейінде, балалар үйлерінде отырады да, қатарластарымен араласуға мүмкіндіктері жоқ. Сондықтан, өте маңызды жағдай, осы шараның нәтижесінде балалар бір - бірімен достасып, жолдастарын да тауып алды.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/sanatoriums-kz/item/1026-news-kz#sigFreeIda870404dd6