23-12-2011 Жаңа жылдық сыйлық

Жаңа жыл қарсаңында біздің қор мен қордың достар Клубы жүйкелік патологиялары...

Жаңа жыл қарсаңында біздің қор мен қордың достар Клубы жүйкелік патологиялары бар балаларға арналған қалалық балалар реабилитациондық орталығына (ҚБРО) тағы бір сыйлық жасауын қабылдады. Естеріңізге сала кетейік, бұл орталық 2011 жылдың қыркүйегінде, кезінде түлектердің саны «жетіспеген» себебінен жабылған  №2 балалар үйінің ғимаратында ашылған болатын. Біз қарашада ҚБРО – да «Дүниежүзілік балалар күнін» өткізген болатынбыз, сөйтіп, бұл медициналық мекеменің маңызды қажеттіліктерін анықтап алдық. Егер бұрын балалар үйінде 3 жасқа дейінгі балалар болса, қазір ҚБРО – да реабилитация курстарын 3 – тен 14 жасқа дейінгі балалар алып жатыр, ал ыдыс аяқ пен ас үй жабдықтары бүлдіршіндердің керектіктеріне арналған. Сондықтан, жаңа 2012 жылды мерекелеу алдында қор мен достар Клубы реабилитациондық орталығына, және қазір сонда денсаулықтарын келтіріп жатқан барлық балаларға сыйлық жасады.

Балалар, ата – аналар мен қызметкерлері үшін алматылық мемлекеттік циркінің әртістері үйреткен жануарлары, күлкілі клоуындары, фокустары мен ұтыс ойыны бар жарқылдаған көрініс қойып берді. Ал мерекеге келген Аяз ата мен Қаршақыз  балаларды сыйлықтармен қуанты. Қыз балалар қуыршақтар, ал ұл балалар мәшинкелер мен DVD алды.

Соған қоса ҚБРО – ның ас үйіне арнап қор екінші тағамдар дайындау үшін электротаба берді, ал достар Клубы көп санды ыдыс аяқ, ас үй құралдары мен бұйымдарын сыйлады. LG компаниясы екі ықшамтолқындық пештер сыйлады, ал қор болса, физиотерапия кабинетіне  екі «Эскулап» электротерапия көпқызметті аппаратын пайдалануға берді. Осындай бір «Эскулап» бес электротерапия аппаратының жұмысын атқаруы мүмкін. Аппараттар пайдалануға өте ыңғайлы және қарапайым, және оның көмегімен неше түрлі медициналық процедуралар өткізуге болады – электроұйқыдан бастап дәрі-дәрмекпен электрофорезға дейін.  

Бүгін реабилитациондық орталыққа берілген жабдықтың барлығы жүйкелерінде зақымдары бар, оның ішінде БМС бар мыңдаған пациенттерге қызметкерлердің көмектесулеріне жеңілдік берерлігіне кәміл сенеміз. Бұл жобаның жалпы бағасы 1 671 207.

«АЯЛА» қайырымдылық қоры «Мамамия», «Ciao pizza» мейрамханалар желісіне,  «Line Brew» мейрамханасына, LG компаниясына, және жеке Флюра Батыроваға, Людмила Анатольевнаға, Асель Баубековаға және Радченко Оксана Станиславовнаға осы жобаны іске асыруға көмек көрсеткен үшін шын жүректер ризашылығымызды білдіреміз.

  Барлық фотосүреттерді жүктеп