Бүгін балалар мен жасөспірімге арналған Қызылордалық туберкулезге қарсы санаториясында Халықаралық балалар қорғау күнінің мерекелеуі болып өтті. Осы күнге балалар бірнеше концерттік нөмірлерді дайындапты. Санаторияның әкімшілік өтінішімен «АЯЛА» қайырымдылық қоры емдік дене шынықтыру кабинетін (ЕДШК) жабдықтауға көмек көрсетті. Бұл «Ерекше балаларға – ерекше назар» жобасын іске асырудағы кезекті кезеңі болды. Бұл жобада «АЯЛА» қоры жай емес өмірлік жағдайдағы балалар тағдырларының жазуымен тұрып білім алып жатқан арнайы (түзету) мектеп-интернаттарына көмек көрсетіп жүр. Санаторияның пациенттері толыққұнды сауықтыруды қажет етеді, ал, емдік дене шынықтыру оның жетекші әдістерінің бірі болып табылады.
«АЯЛА» қайырымдылық қоры туберкулезге қарсы санаторияға бірнеше тренажер, ЕДШК үшін көп санды бұйымдар: доптар, швед қабырғасын, хулахуптарды тапсырды. Одан басқа, санатория теннис үстелі мен үстелдік теннис жаттығуларына керек барлық бұйымдарға ие болды. Барлық жабдықтар мен бұйымдардың бағасы 747 000 теңгені құрады. Бұл қаражат «Қағанат» асханалар торабында тұрған бокстарда жиналған болатын.
Санаторияның бас дәрігері Айман Әлиасқаровна УНАЛБАЕВА «АЯЛА» қайырымдылық қорына көмек берген көмектері үшін алғысын білдірді. «Дене шынықтырумен жаттығу балаларды сауықтыру ісінде өте маңызды. ЕДШК-ндегі сабақтар жаңа бұйымдармен тек пайдалы ғана емес, қызығушылық шақыратын болады», - деп белгіледі ол.
«Біздің қайырымдылық қор жобаларының географиясы жаппай кеңеюде және күннен-күнге жаңа қалалар мен балалық мекемелерді қамтып келеді. Былтыр біз «Тыныс ал, балақай» жобасы бойынша облыстық перинаталды орталыққа медициналық жабдықтарды тапсыру үшін Қызылордаға келген болатынбыз. Ал, осы жолы, өкінішке орай, біз сыйлықтарды тапсыру рәсімінде өз басымыз қатыса алмадық. Қызылордалық туберкулезге қарсы санатория пациенттерін Халықаралық балалар қорғау күнімен құттықтаймыз, және барлық балаларға бақытты балалық шақ пен тез арада емделіп кетулерін тілейміз», - деді «АЯЛА» қайырымдылық қорының вице-президенті Жангелді САРСЕНОВ.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/sanatoriums-kz/item/2027-news-kz#sigFreeIdb6a2245069