«АЯЛА» қоры № 2 Алматы балалар шипажайында демалып, емделіп жатқан балаларға жаңа дамытушы ойыншықтарды сыйға тартты. Сыйлықтардың қатарында – кегльдер, конструктор, қызықты пирамида, балаларға арналған ыдыс-аяқ, тактильді дамытушы панельдер және тағы басқалары. Жалпы құны – 252 000 теңге. Енді балалардың бос уақыты әлдеқайда қызықты өтеді!
Жыл сайын шипажайда неврологиялық сипаттағы ауруы бар 3 – 7 жас аралығындағы 1300-ден астам бала емделеді. Қабылдау қалалық емханалардың жіберуі бойынша жүзеге асырылады. Мекемеде физиоемдеу бөлімшесі, ЕДШ және дене уқалау бөлмесі, сенсорлық бөлме жұмыс істейді. Бұл шипажайда анемия, тонзиллит, өт жолының аурулары емделеді. Қазіргі кезде шипажайда 75 бала ем қабылдауда.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/sanatoriums-kz/item/2247-news-kz#sigFreeIdf775bde3e3