Алматы қаласындағы «АЛАУ» № 3 балалар шипажайында тыныс алу жүйесінде ақауы бар, 3 – 7 жас аралығындағы балалар оңалту курстарынан өтуде. Шипажайдағы емделу балаларға жіті және созылмалы аурулардан кейін қалпына келуге, иммунитетін көтеруге және түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұруын арттыруға көмектеседі. «СпецТрансЭкспресс» компаниясы № 3 балалар шипажайына балаларға арналған арнайы ойыншықтар тапсырды, олардың құны 100 000 теңгені құрады. Дамытушы ойындар, ойыншықтар шипажай емделушілеріне қарым-қатынас жасаудың және әлеуметтендірудің жаңа дағдыларына үйренуге жәрдемдеседі.
«АЯЛА» қайырымдылық қоры біздің қорымыздың жобасына тұрақты түрде қатысатын «СпецТрансЭкспресс» компаниясымен ынтымақтастығын мақтан тұтады.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/sanatoriums-kz/item/2637-news-kz#sigFreeId55f4d58138