Samsung Electronics Central Eurasia қызметкерлері «Алатау» балалар клиникалық шипажайының аумағында қарағайдың сексен көшетін отырғызды. Науқан компанияның 80 жылдығына арналған. Оған президент Чол Вун Юн бастаған ұйымның 30 маманы қатысты. Samsung компаниясының басшылығы қажетті сома бөлді. «АЯЛА» қайырымдылық қоры барлық ұйымдастыру мәселелерімен айналысты.
Жоғарыда аталған тау-климатикалық курортта балалар бронхит, пневмония, аллергия және т.б. сияқты тыныс алу органдары ауруларынан емделеді. Сондықтан да Samsung өкілдері қарағайды таңдады. Қылқан жапырақты ағаш саясында қыдырып жүру шаршағанды басып, жүйкені тыныштандыратыны, өкпедегі газ алмасуын жандандырып, тыныс алуды кеңейтетіні белгілі. Мұндай ормандағы ауа ауру тудыратын микроорганизмдерді жоюға қабілетті биологиялық белсенді заттар-фитонцидтерге толы. Фитонцидтер туберкулез таяқшасына да зиянды әсер етеді, сондықтан да салалық шипажайларды қарағай орманында салады.
«Алатау» балалар шипажайының және қордың атынан компания ұжымын 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, барлық қызметкерлерге мықты денсаулық, елеулі жетістіктер тілейміз!
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/sanatoriums-kz/item/2828-news-kz#sigFreeIdcbb00ab1fc