«Сәулет өнері» сөзінің мағынасын білмесе де, сәби кезінен бері барлық бала құрылыс ісімен әуестенеді. Олар тоннельдер қазады, құмнан дуалдар көтереді, мұнаралар салады... Ал көңілді ойын – дамытушы жаттығулар кешеніне жақсы толықтыру екендігін бәрі біле бермейді, әсіресе неврологиялық сырқатты балалар үшін.
2008 жылдың 15 ақпанында жүйке сырқаттарына шалдыққан балалар емделетін Алматы қаласының №2 балалар шипажайында «Үздік Сәулетші» сайысы өткізілді.
Бүкіл шипажайдың балалары басты ойын бөлмесіне жиналды. Сайысқа 4 команда қатысты. Әрқайсысының өз атауы, ерекше белгішесі және капитаны бар. Балғын сәулетшілерге «Арман зообағын» салуға небары 15 минут уақыт берілді. Аға тәрбиеші құрылыстың басталуын жариялап, балалар бірден конструкторды құрастырып, зообақты салуға кірісті... Бұл бала тұрмақ, ересек адам үшін де оңай міндет емес. Бірақ бірлесіп, үйлесімді жұмысқа кіріскен біздің бүлдіршіндеріміз үшін бұл міндет қиын болмады. Көрермендер мен «АЯЛА» қорынан келген қонақтардың алдында бөлшектерден бірте-бірте шағын зообақ пайда бола бастады.
Жұмыстардың әрқайсысын команданың капитаны ұсынды, ол сәулет ансамбліне сипаттама беруі тиіс болатын. Салынған зообақтарда өлең шумақтары естіліп жатты. Балалардың ешбіреуі сыйлықсыз қалмады. «АЯЛА» қоры балалардың барлығына «конструкторларды» сыйға тартты.
Осы біршама ерекше шығармашылық түріне арналған сайыс бала қиялының қаншалықты шексіз екендігін көрсетті. Және осы қиялдың жүзеге асырылуына тіпті балалардың церебралды параличі секілді диагноздың өзі де бөгет бола алмайды...