Алматыдағы №2 балалар шипажайы мына мекен-жай бойынша орналасқан: 12-ші ықшам аудан, 17-үй. Мұнда 3 жастан 7 жасқа дейінгі неврологиялық проблемалары бар балалардың оңалуы үшін барлық жағдай жасалуда. Физиотерапия, ЕДШ, массаж және т.б. арналған жайлы кабинеттер қарастырылған. Тірек-қозғалыс жүйесін дамыту мен тілді түзету үшін педагогтар арнайы бейімделген бағдарламаларды қолданады. Сондай-ақ музыкалық, спорттық шаралар мен түрлі сайыстар өткізіледі. Танысу күндері, туған күн иелерінің күндері, дискотекалар жиі ұйымдастырылады, цирк пен қуаршақ театрының әртістері шақырылады. «АЯЛА» ҚҚ осы ісшаралардың барлығына жеке қатысады.
Алматы қаласының №2 балалар шипажайында «сенсорлық бөлме» пайда болды. Көру, есту, иіс сезу, сипап сезу мүшелеріне және вестибулярлық рецепторларға әсер ететін түрлі стимуляторлардың көпшлігінен тұратын ерекше түрде құрастырылған әлем, арнайы ұйымдастырылған орта осылай аталады.
«Сенсорлық бөлмені» мамандардың өздері «дәрігер бөлме» деп атайды. Арнайы іріктелген түс гаммасы, жұмсақ жарық, жайлы отырғыштар, баяу әуен мен жарық эффектілерінің есебінен тыныштық пен жарастық сезімі туындайды. Жүйелі түрде осы бөлмеде баламен жұмыс істеуден кейін неврологиялық патологиясы бар және БЦП сырқаттана ұшыраған, оның ішінде шипажайда емделетін балаларда қайта қалпына келу үдерістері жылдамдап, эмоционалды жағдайы жақсарады, мазасыздық пен ашушаңдық азаяды, ұйқысы қалпына келіп, ми әрекеті белсенді жүре бастайды.
«Сенсорлық бөлмені» ашу үшін қажетті жабдықты «АЯЛА» қайырымдылық Қоры Милосердие Қорымен бірлесе отырып сатып алды.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/sanatoriums-kz/item/882-news-kz#sigFreeId345a62ee48