«Сезон» журналы – біздің қордың ежелгі және сенімді досы, «Миссис Қазақстан 2008» қайырымдылық сайысының қорытындыларын жариялады. Сайысты өткізудің барысында жиналған қаражат денсаулық сақтау саласының мұқтаж мекемелеріне шынайы көмек көрсететін ұйымдар арасында бөлінді. Біздің қорымыз – осындай көмекті алушылардың бірі. «АЯЛА» қорының қамқорлығындағы тыныс алу мүшелерінің сырқаттары бар балалар сауығатын №3 Алматы шипажайы үшін 55 төсек пен журнал үстелі «Миссис Қазақстан» сайысының барысында жиналған қаражатқа сатып алынды. Осы әйелдер сұлулығы мерекесін ұйымдастырушылардың барлығына және жеке Жәмиля Айымбетоваға осы жомарт сыйы үшін алғыс айтамыз. Жәмиля, Сізге ұзақ жыл бойына өркендеу мен табыс, барлық бастамаларыңыз бен жобаларыңыздың сәтті болуын тілейміз!
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/sanatoriums-kz/item/960-news-kz#sigFreeId50b5155c6a