Мерекенің ұйымдастырушысы біздің баяғы әріптесіміз және біздің ісшаралардың тұрақты демеушісі «Тюбетейка» мейрамханасы болды. Балалар, қызметкерлер мен мереке қонақтары үшін рестораторлар үлкен дастархан жайып, басты тағам ретінде дәмді палау қойылды.Балалар шипажай қызметкерлерімен бірге қонақтарды ұлттық әдет-ғұрыптар мен билерді орындауымен қуантты.
Бізді біздің қолдаушыларымыз енді өз бетінше, біздің тарапымыздан ешбір өтініш жасамастан ақ осындай ісшараларды өткізетіндігі өте қуантады.Демек, біздің қордың басты міндеті – Республикадағы қайырымдылық дәстүрі мен мәдениетін тәрбиелеу міндеті шешіле бастады.«Тюбетейка» мейрамханасының қызметкерлеріне тағы да мейірімді жүрегі мен кең пейілділігі үшін алғыс білдіреміз.