Астанада ашылған бірінші халықаралық экшн – фильмдер кинофестивалінің құрметіне, біздің тұрақты серіктесіміз және демеушіміз - Viled компаниясы қайырымдылық бәссауда өткізді. Бұл бәссауда жарысына құны маңызды Viled зергер бұйымдары түрлеріне қоса, белгілі боксер Майк Тайсонның бокс қолғабы, аты әлемге әйгілі Хилари Соунктің рамаға салынған,өзінің қолы бар фотосуреті, «Эксклюзив» салонынан ішкі көрініс заттары, және ең ақырғы шыққан спорт тренажер сияқты, бірталай заттар қойылды.
Зергер бұйымдарын сатудан түсудің 5% - ы, және басқа лоттардың сатуынан түскен бүкіл қаржы біздің қорға жіберілді. Оның сомасы 7 350 000 тенгені құрады. Vied компаниясы ұйымдастырып, өткізген бәссаудаға келіп қатысқандардың бәріне шын жүректен алғыс айтамыз. Бәссаудадан түскен барлық қаржы «Менің де өмір сүргім келеді» атты қор жобасы бойынша балалар кардиохирургияcының дамуына кетеді деп сөзімізді береміз. Қуанышқа орай, қайырымдылық бәссаудалардан түскен пайдалар, ақырғы кездері, жиілеп біздің қорымызға бөлініп жүр. Қорымыздың жоба барысына кәсіпкерлерден басқа, еліміздің негізгі тұрғындары да қосылар деп, сенгіміз келеді.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/programs-kz/give-life-kz/item/1028-news-kz#sigFreeId1a36ec71f8