8-18 сәуір аралығында Алматы қаласында Италиядан балалар кардихирургтары тобы болды. Дәрігерлер және медбикелер, Алматыға, қазақстандық жүрек ақауы бар балаларға операция жасау мақсатымен келді.
Операция бөлмесі және стационар бөлмелерінде атқарған жұмыстарымен қатар, кардиологтар және кардиохирургтарға тетрадифаллоға негізделген бірқатар лекция оқыды. Жоғарыда айтылып өткен лекцияларға, Сызғанов атындағы ҰҒХО-ның дәрігерлерімен қатар, еліміздің басқа да медицина мекемелерінің дәрігерлері қатысты. Бұл, итальяндық дәрігерлердің Алматыға жасаған үшінші сапары. Осы орайда, кардиохирургтар тобының сапары, бірнеше қайырымдылық қорының ынтымақтастығы нәтижесінде жүзеге асқанын айта кеткен жөн болар. Топтың жол қаражаты, керек-жарағы, іс-сапар шығындары «Aiutare i bambini» қайырымдылық ұйымы, ал, дәрігерлердің Алматыда тұруымен байланысты, мейманхана, тамақтану, көлік және мәдени шаралар, «АЯЛА» және «ДАРА» қайырымдылық қорлары тарапынан қамтамасыз етілді.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/programs-kz/give-life-kz/item/1102-news-kz#sigFreeIdf3ed0328bb