Бүгін біздің қорға 2 «Медбикештердің мейірімді қолдары» жобасының 2 қатысушысы келді. Бұл жоба балалық кардиохирургиялық бөлімдерінде жұмыс істеп жүрген медицина бикештерінің біліктіліктерін көтеруге көмектеседі. Сәуірдің 1-нен 29-на дейін Алматы қаласындағы перинатология және балалық кардиохирургия орталығының медбикештері Айгерім Ашенова мен Нұрбанум Айсанова Индиядағы (Гургаон қаласы) ең жақсы медицина орталықтарының бірінде Fortis Memorial Research Institute тәжірибе алды. Біз үшін толық тұсаукесер дайындалыпты. Тәжірибе алушылар бізге «Медбикештердің мейірімді колдары» жобасын әрі қарай дамытуға қажет көп тартымды жаңалықтар айтып берді.
Үндістанның госпитальдерінде жұмыс істейтін медбикештер әлемдегі ең жақсыларының бірлері, деп саналады. Сабақтардың басты тақырыптары емдеу және балаларды жүрекке жасалған операциядан кейінгі күту болды. Үндістандық госпиталінің дәрігерлері мен медбикештерінің қастарында жұмыс істеп жүрген кездерінде қазақстандық қыздар өз жұмыстары үшін көп жаңалықтар мен пайдалылықтар біліп қалды. Қайтып келгеннен кейінгі уақыт арасында біздің медбикештер өз әріптестерінен аянбай алған білімдерін ортаға салып жатыр. Біз жаңа білім жобасын тұрақты жолға қоюды жоспарлап отырмыз. Қордың жоспарларында ендігі жылда перинатология және балалық кардиохирургия орталықтарының қызметкерлеріне тәжірибе беру, және Алматылық қалалық медициналық колледждің бітіретін курс студенттерінің арасында осы орталықтың бос қызмет орындарына уақытша отырғызуға жарыс өткізу. Жарыста жеңіп алу тек еңбекпен қамтамасыз ету ғана емес, және, болашақта тәжірибе алу үшін шетелге бару мүмкіндігі болады.
Бұл жобаның бюджеті 1 406 850 теңгені құрады. Бұл сомаға үндістандық рұқсатнамасын ресімдеу бағасы, әуеде ұшып өту, тамақтандыру және іссапар шығысы кірді.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/programs-kz/give-life-kz/item/2023-news-kz#sigFreeId707a1ecd9e