7-15 ақпанда біздің қаламызда Бергамо қаласынан келген кардиохирургтер бригадасы жұмыс істеді. Бір аптаның ішінде дәрігерлер түрлі тумысынан біткен жүрек ақаулары бар 17 ауыр сырқаттанған балаға операция жасады. 15 сәби сауығып, ауыр патологиясы бар екі сәбиді құтқару, өкінішке орай, мүмкін болмады.
Операцияларға Сызғанов атындағы ҰХҒО хирургтері қатысып, баға жетпес тәжірибеге ие болды. Итальяндық дәрігерлер, өз кезегінде, біздің хирургтердің жоғары кәсіби деңгейін атап өтті.
Біздің қорымыз, «ДАРА» және «ДОМ» қорларымен бірге, «Щербет», «Мамамия», «Assorti» және «Palladium» мейрамханаларының басшылығы мен қызметкерлеріне көп сағаттық операциялардан кейін шаршаған екі елдің медиктеріне қызмет жасағаны үшін шын жүректен алғыс білдіреді.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/programs-kz/give-life-kz/item/963-news-kz#sigFreeIde12583b0c3