Бүгін біздің қор Алматының балалық қалалық клиникалық инфекционды ауруханасының(БҚКИА) зертханасына сандық спектрофотометрді жіберді. Бұл аппарат, өте маңызды, ең бастысы, пациенттердің неше түрлі орталары мен шығуларының нақты зерттеулерін жүргізуге арналған. Аурудың нақты диагностикасын анықтау тиімді емдеудің ең маңызды шараларының бірі.
Бұрын бұл диагностикалық аппарат тек реанимация бөлімінде ғана болатын, ал ол пациенттерге де, медицина персоналына да көп ыңғайсыз жағдайлар тудыратын. Медиктер барлық стационардан келетін анализ ағымдарын зерттеуге мүлде шамалары келмей жататын. Спектрофотометрді алғаннан бері БҚКИА – ның зерттеу – диагностикалық бөлімінде анализ ағымдары бөлініп қаралатын болды. Орнату күні – ақ жаңа аппаратта 240 зерттеу жүргізілді. Аурухананың бас дәрігері мен бөлімдерінің меңгерушілері, біздің ауруханаға көрсеткен көмектеріміз үшін, бізге жылы алғыстарын айтты. Реанимация бөлімінің меңгерушісі Сергей Николаевич Хохуляның аузынан, БҚКИА-ға «АЯЛА» қорының жіберген жабдықтардың арқасында балалар өлімі 4 есеге азайды, деген сөз әсіресе жағымды болды.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/programs-kz/life-breath-kz/item/1263-news-kz#sigFreeId293642e7dc