Ондаған сымдар мен түтікшелермен оралған мөлдір әйнектің ар жағында кішкентай ғана адам жатыр. Оның салмағы 500 грамнан сәл асады, бірақ оның өзі ата-анасы үшін үлкен бақыт. Және алаңдаушылық басым. Сәби аман қала ма? Осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстанда мұндай балаларды түсік деп есептейтін, ал еліміз Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының стандарттарын қабылдағаннан кейін салмағы 500 грамнан асатын әрбір баланың өмірі үшін күресе бастады. Көптеген перинаталдық орталықтар мен перзентханаларда ол үшін қажетті жабдық болған жоқ.
Дәл сол кезде «АЯЛА» қайырымдылық қоры балалар жан сақтау бөлімшелеріне көмек көрсетуге бағытталған «Тыныс ал, балақай» атты жобаны бастады.
- «Вячеслав Кимнің жұқпалы аурулар ауруханасының жан сақтау бөлімшесіне келіп, жабдықты көргені есімде. Ондағы жұмыс істеп тұрған ескі аппараттардың балаға зиян келтіре алатынын – өкпесін жыртып кетуі мүмкін екендігін түсінген кезде, ол жәрдемдесу туралы шешім қабылдады», - деп еске түсіреді «АЯЛА» қорының басшысы Айдан Сүлейменова.
Қордың құрылғанына жақында 10 жыл толады, тоғызыншы жыл қатарынан Вячеслав Ким және kaspi bank түрлі жобалардың тұрақты меценаттары болып табылады.
- «Біздің алдымызда жағдай айқын болды – не істеуіміз керек, нені сатып аламыз және осы бағытта одан әрі не істейміз. Себебі біздің қорымыз тек медициналық жабдықпен ғана көмектесіп қоймай, сол сияқты дәрігерлерді, медбикелерді оқытады – бұл жабдықта қалай жұмыс істеу қажеттілігін, түрлі ауруы бар нәрестелерді қалай күту қажеттілігін үйретеді. Сөзбен айтқан кезде – бұл басқа мәселе. Ал цифрмен сөйлеген кезде – мүлдем басқа жағдай, себебі цифрлар басқаша әсер етеді. Қордың kaspiмен және жеке Вячеслав Киммен ынтымақтаса жұмыс істеген уақытта барлығы 106 128 398 теңге жұмсалды. Цифрлар бәріне дәлел», - деп түсіндіреді Сүлейменова.
Қазақстанға kaspi bank шақыртуы бойынша келген әйгілі актер Антонио Бандерас осы сомадан 38 миллион теңге болған чекті Қорға тапсырды. Бұл акция мыңдаған адамның назарын қайырымдылық жобаларына аударды.
- «Біз жай ғана ақша бере салған жағдайды жақтамаймыз», - дейді Айдан.
- «Біз өзіміздің медициналық, сол сияқты білім беру мекемелерінің логистикасын және қажеттіліктерін жақсы білеміз, себебі біздің қорымыз тек медициналық жобалармен ғана емес, білім беру жобаларымен де айналысады. Мынадай да жағдай болады: балалар үйі – онда бәрі де бар. Ал жолдың ар жағында басқа мекеме, тұрмысы төмен балаларға немесе түрлі ауруы бар сәбилерге арналған интернат; ол жерде жағдай мүлдем басқа, оған көмек қажет. Яғни біз өз мекемелеріміздің қажеттіліктерін және жағдайын нақты білеміз. Алматы мен Астанадағы бірде-бір медициналық және білім беру мекемесі біздің назарымыздан тыс қалмады. Осының барлығы біздің демеушілеріміздің арқасы.
Ондаған мың бала өмірі «АЯЛА» қорының: «Тыныс ал, балақай» және «Өмір сыйлайық» жобаларының арқасында құтқарылды. Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының жан сақтау бөлімшесі үшін сатып алынған жабдық балалар дәрігерлеріне бала өлімін 4 есе төмендетуге көмектесті. Сонымен қатар kaspi.kz сайтының пайдаланушылары да көмек көрсетуде: банк клиенттері балаларды құтқару үшін ақшаны бірнеше клик арқылы аудара алады.
- «Вячеслав Ким және Михаил Ломтадзе біз орнатқан аппараттарды көруге келді. Олар бірер сағат бұрын дүниеге келген балалардың қалай жатқанын өз көзімен көрді. Міне, сәби өмірге келді, оны біздің жабдыққа салды; ол жабдықтың оған шын мәнінде қажет екендігі көрініп тұр. Бұл ең қатал ер адамдарға да әсер етеді», - дейді Айдан Сүлейменова.
Қор қызметкерлері адам өмірін құтқаратын жабдықты сатып алу қажет болатын ең қымбат жобалардың аппаратта түрлі сымдардың ортасында жатқан әрбір баланың өмірі қаншалықты маңызды екендігін түсінетін адамдарсыз мүмкін еместігін біледі.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/programs-kz/life-breath-kz/item/2355-news-kz#sigFreeId9a6ffd2fa2