17-01-2017 Шын жүректен!

Павлодарда жүздеген бала өмірі жаңа медициналық жабдықтың арқасында құтқарылатын...

Павлодарда жүздеген бала өмірі жаңа медициналық жабдықтың арқасында құтқарылатын болады. «АЯЛА» қоры Павлодар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының балалар жан сақтау бөлімшесіне өкпені жасанды желдету аппаратын және екі инфузиялық сорғышты тапсырды. Жабдықтың құны – 19 950 000 теңге. Жобаның демеушілері жеке адамдар болды. Сонымен бірге қаражаттың бір бөлігі «Эйр Астана» әуекомпаниясының және «Қағанат» асханалар желісінің клиенттері жыл бойы бокстарда қалдырған қайырмалдық арқасында жиналды.

Павлодар мамандарының айтуынша, жыл сайын жұқпалы аурулар ауруханасы арқылы 8 000-ға жуық науқас өтеді, олардың ішінде 6 000 науқас – балалар. Осы 6000 баланың ішінде жартысы кеңірдек-өкпе жүйесінің ауруларымен, түрлі асқынумен келіп түседі. Осы санаттың ішінен жан сақтау бөлімшесі арқылы 300-ге жуық бала өтеді және олардың 20-сы өкпені жасанды желдету аппаратына қосуға мұқтаж. Қор сыйлаған аппараттың салмағы 500 грамнан басталатын нәрестелерді қабылдауға мүмкіндік жасайтынын атап өткен жөн.

 Барлық фотосүреттерді жүктеп