«АЯЛА» қоры және LCB Partners компаниясы тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстандық дәрігерлердің Оңтүстік Кореяға сапарын екі рет ұйымдастырды. Екі нейрохирург Бауыржан Рамазанов және Андрей Мищенко қараша айында Пусан қаласына барды. Біліктілігін арттыру курстарынан олар Пусан Ұлттық Университетінің Госпиталінде өтті.
Екінші сапар ақпанда орын алды. Ол кезде «Таңғы сергектік еліне» екі ортопед Дархан Сукбаев және Раджа Жумадильдаев барды. Қазақстанның дәрігерлері операцияларға қатысып, әріптестерімен танысып, білімімен алмасты, науқастарды қарауға қатысты, семинарларға барды. Дәрігерлердің айтуынша, енді алынған білімін олар іс жүзінде пайдаланатын болады. Олар тек оқумен ғана айналысқан жоқ. Корея мамандары құрметті қонақтар үшін қала бойынша экскурсия ұйымдастырды. Екі рет «Алматы-Сеул-Алматы» бағыты бойынша ұшу сапарына «Эйр Астана» компаниясы демеуші болды.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/programs-kz/life-breath-kz/item/2477-news-rus#sigFreeId26dee22f1c