«АЯЛА» қайырымдық қорының «Өмірге дем берейік» жобасы аясында Өтеген Батыр ауылындағы Алматы өңірлік клиникалық балалар ауруханасында (АӨКБА) заманауи реанимация үстелі мен фототерапия аппараттары сатып алынды. Жобаның АӨКБА-дегі осы этапының құны - 6 260 000 тенге. Демеушілік көрсеткен VILED Group компаниясы.
Бүгінгі күнде аурухана стационарында балаларға жоғары білікті медициналық көмек көрсету үшін заманауи медициналық жабдықтар жетіспейді. Бұл мәселе әсіресе балалар жансақтау бөлімінде өткір сезіледі.
АӨКБА неонатология бөлімшесінің меңгерушісі Айнұр Әлімбекованың айтуынша енді бөлімде төрт реанимация үстелі бар. «Бөлімше 20 төсекке арналған. Бұл жерге Алматы облысынан аз салмақты балалар келіп түседі. «АЯЛА» қоры осыдан 2015 жылы екі үстел сыйлаган, өзімізде екеуі болған, бірақ біреуі бұзылған. Мына жаңаны қосқанда төртеу. Өлар ешқашан бос тұрмайды. 2017 жылы 467 жаңа
туған балалардың 271-сі салмағы аз балалар», - дейді Әлімбекова. Оның айтуынша 2016 жылы да 270 тей шала туған бала дүниеге келді.
Реанимация үстелі – көп функционалды медициналық аппарат. Ол кішкентай пациенттің өмірлік маңызды параметрлерін – дене қызуы, қан қысымы және пульсін бақылайды. Сонымен қатар, реанимация үстелі терморегуляция жүйесі әлі дұрыс дамымаған, уақытынан ерте туған балалардың дене қызуын да бақылауға көмектеседі.
Фототерапия аппараты нәрестелердің сарғаю ауруының дәрі-дәрмексіз және тиімді емдеу үшін қолданылады. Арнаулы жарық толқындары сарғаю ауруына шалдықтыратын билирубин пигментін жояды. Бірақ ол ағзадағы артық билирубиннің улы әсерінің тек сыртқы көрінісі. Ал көпке созылған (асқынған) сарғаю ауруынан баланың жүйке жүйесі зардап шегеді. Демек, сарғаюды жедел тоқтату - жаңа туған нәрестенің келешектегі интеллектуалды дамуына қосқан үлесі. Фототерапияның инвазивті емес әдісінен басқа балаға толық қан құюдың жолы бар. Бірақ ол қауіптірек.
«Өмірге дем берейік» жобасы Қазақстандық емхаланардың балалар жан сақтау бөлімшелеріне көмек көрсетуге бағытталған. Жоба 2007 жылы «АЯЛА» қайырымдық қоры Алматы қаласының балалар инфекциялық ауруханасының жансақтау бөліміне бірінші рет керекті құралдар алып бергенде басталды.
Айта кетсек, сол кезде өкпені жасанды желдету аппараты, жартылай автоматтық зертхана, фототерапия аппараты, нәрестелерге арналған кювез және басқа да медициналық аппарат алынған болатын.
«Біз «Өмірге дем берейік» жобасының тиімділігін көп жылдар бойы байқап келеміз – Қазақстан бойынша 55 мыңнан астап баланың өмірі құтқарылды. 11 жылға жуық мерзімде жобаға 442 926 196 теңге жұмсалып 32 қала, 52 мекеме, 500 маман біліктілікті жоғарылату курстарын оқып шықты», - дейді «АЯЛА» қайырымдық қорының президенті Айдан Сүлейменова.
АӨКБА 2011 жылы мемлекеттік «100 мектеп, 100 емхана» аясында салынды. Бұл жерде Алматы облысының оңтүстігіндегі аудандарда тұратын балалар емделеді.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/programs-kz/life-breath-kz/item/2784-news-rus#sigFreeId524c0e1c19