20-04-2008 EVITA 4 өкпені жасанды желдетуге арналған аппараты

№1 балалар инфекциялық ауруханасының реанимациясында 2008 жылдың сәуір айының...

№1 балалар инфекциялық ауруханасының реанимациясында 2008 жылдың сәуір айының басында Evita 4 өкпені жасанды желдетуге арналған әмбебап аппараты орнатылған болатын.

Бөлімше дәрігерлері кішкентай пациенттердің одан да көп санына жәрдемдесудің шынайы мүмкіндігіне ие болды. Бұл көптеген игі жандардың көмегінің арқасында мүмкін болды.  

«АЯЛА» қоры барлығына тағы да біздің қамқорлығымыздағылардың барлығының атынан алғыс білдіреді. Біз бастаған ісімізді жалғастарытын боламыз. Бұдан да көп адамдардың біздің үндеуімізге – ауруханаға түскен Республикамыздың барлық балаларының өмірі сенімді және заманауи техникамен «қаруланған» дәрігерлердің қолында болуы үшін қолдан келгеннің барлығын жасау үндеуіне жауап береді деген үміттеміз.                           

Бокстарда жиналған сома - 271 000 теңге. Kaspi bankі аударған сома - 5 000 000 теңге. "Assorti" мейрамханасы аударған сома - 200 000 теңге.