«АЯЛА» қайырымдылық қоры Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасында өмірлік қажетті медициналық жабдықты балалар жан сақтау бөлімшесіне салтанатты түрде беру рәсімін өткізді. Жаңа туған нәрестелердің өмірін құтқаруға арналған бұл бөлімше қордан сыйлық ретінде наркоз аппаратын, 4 фототерапия аппаратын, 1 жан сақтау үстелін, 2 шприц және 2 инфузиялық дозатор алды.
Бұл іс-шара бүкіл ел бойынша перзентханалардың балалар жан сақтау бөлімшелерін, көп салалы және балалар ауруханаларын жабдықтау бойынша «Өмір сыйлайық» жобасын іске асыруда кезекті буын болды. Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасындағы жобаның құны 10 531 000 теңгені құрады. Бұл ақша «Қағанат» асханалар желісінде және Алматы мен Астана қалаларында орнатылған «Эйр Астана» әуекомпаниясының билеттерін сату кеңселерінде орнатылған бокстарда жиналды. Бұл жобаға ақшаны әуекомпания жолаушылары және тамақтанудың бюджет желісінің клиенттері, яғни қарапайым қазақстандықтар жинады.
Жаңаөзен қаласының қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері Жаңабай Оңайбаев: «»АЯЛА» қайырымдылық қорымен ынтымақтаса бастаған кезде мен кеңсесі бізден алыс жатқан оңтүстік астанада орналасқан қордың өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындайтынына әрең сендім. Бокстардың көмегімен ақша жинаудың ұзақ әрі баяу үдеріс екенін мен түсінемін және біздің балалар ауруханасына кішкентай болса да үлес қосқан барлық адамдарға алғыс білдіргім келіп отыр» - деп атап өтті.
«Бұл жобаны «АЯЛА» қайырымдылық қорымен ынтымақтаса іске асыра отырып, біз қоғамның өмірін жақсартқымыз келеді. Билеттерді сатып алған кезде «АЯЛА» қайырымдылық қорының ақшасын жинау бойынша бокстан айналып өтпеген барлық жолаушыларымызға алғыс айтамыз. Сіздердің көңіл бөліп қатысуларыңыз Қазақстанның дәрігерлеріне кішкентай емделушілердің ондаған өмірлерін құтқаруға көмектесетініне сенімдіміз» - дейді Белла Тормышева, «Эйр Астана» АҚ-тың вице-президенті.
«АЯЛА» қайырымдылық қорының жұртшылықпен байланыс жөніндегі вице-президенті Жангелді Сәрсенов өз кезегінде: «Жұмыс барысында біз қорымыздың медициналық жобаларының жетекшісі Берік Даржановпен бірге бүкіл Қазақстанды шарлап шықтық. Қақаған қыста еліміздің солтүстік өңіріне барсақ, ыстық кезде оңтүстік жаққа да бардық. Барлық жерде де біздің дәрігерлеріміздің, акушер мамандарымыздың, кіші медициналық қызметкерлердің нәрестелерге және әсіресе жан сақтау бөлімшелеріне келіп түсетін балаларға көмек көрсетудің деңгейін арттыру үшін қолдан келетіннің бәрін жасауға тырысатынын көріп жүрміз. Біздің қорымыз балалар жан сақтау бөлімшелерінің шын мәнінде қажетті және біздің әріптестеріміз жұмыс істей алатын аппаратураны алуы үшін барлық күш-жігерін жұмсайды» - деп атап өтті.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/programs-kz/life-breath-kz/item/947-news-kz#sigFreeId766c6c7116