Алматы қаласының № 1 перзентханасында балалар жан сақтау бөлімшесі үшін медициналық жабдықтың көп санын беру рәсімі өтті. Бұл «АЯЛА» қайырымдылық қорының «Өмір сыйлайық» жобасын іске асырудың кезекті кезеңі. Бұл жобаның шеңберінде заманауи қажетті жабдықты облыстық көп салалы және балалар ауруханаларының жан сақтау бөлімшелері, Қазақстанның түрлі аймақтарында орналасқан перзентханалардың балалар жан сақтау бөлімшелері алады.
Халық банкінің демеушілігі арқасында Алматының орталығында орналасқан № 1 перзентхананың балалар жан сақтау бөлімшесінде 3 медициналық сорғыш, 6 фототерапия аппараты, 4 жан сақтау үстелі және ВМЗ емделушісінің 1 мониторы пайда болды. Медициналық сорғыштарсыз жаңа туған нәрестенің тыныс алуы үшін тыныс жолдарын тазарту мүмкін емес. Фототерапия аппараттары баланың орталық жүйке жүйесінің бұзылуына алып келетін нәрестелердің сары ауруын дәрі-дәрмексіз емдеуге көмектеседі. Жан сақтау үстелдері баланың дене қызуын тиісті деңгейде ұстап тұрады, ал бұл өз денесі қызуының тиісті деңгейін қамтамасыз ете алмайтын ай-күні жетпей туған нәрестелер үшін аса маңызды. Емделуші мониторы медициналық қызметкерлерге кішкентай емделушінің тамыр соғысы, қысымы, қызуы, қанның оттегімен толу деңгейі сияқты өмір сүрудің бірнеше өлшемін қадағалауға көмектеседі.
Бұл ауқымды жобаның құны 10 871 075 теңгені құрайды. Бұл жобаның демеушісі Халық банкі болғанын еске түсірейік, ол кезекті рет өзінің Халықтық деген атын растады.
№ 1 перзентхананың бас дәрігерінің орынбасары Зәуре Датхаева Халық банкінің және «АЯЛА» қорының өкілдеріне балалар жан сақтау бөлімшесін шын мәнінде өмірлік қажетті жабдықпен жабдықтағаны үшін алғыс білдірді.
«Бұл біздің Халық банкімен бірінші ауқымды жобамыз емес. Барлық іске асырылған жобалар: «Өмір сыйлайық», «Тыныс ал, балақай», «Ұлт денсаулығы перзентханадан басталады» жобалары жүздеген баланың өмірін құтқару арқылы өзінің аса жоғары тиімділігін дәлелдеді», - деді «АЯЛА» қайырымдылық қорының вице-президенті Жангелді СӘРСЕНОВ.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ өкілі Сағынбек Шұнкеев: «Балалар денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік жобаларға деген ықылас әр кезде де Халық банкінің демеушілік және қайырымдылық саясатындағы басым бағыт болды. «АЯЛА» қайырымдылық қорымен бірлескен жобамыз жаңа туған нәрестелер мен аналардың денсаулығын жақсартуға қосқан нақты үлес екендігіне сенімдімін, себебі балалар – ел болашағы», - деп атап өтті.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/programs-kz/life-breath-kz/item/952-news-kz#sigFreeIdd769ade7f7